Жаңалықтар
Аграрлық факультетінің ғалымдары онлайн режимде халықаралық дөңгелек үстел өткізді
- Қаралды: 271
2024 жылдың 14 ақпанында Аграрлық факультетінің «Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы» және «Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехнология» кафедраларының ғалымдары «Топырақтың деградациясы және су ресурстарына қауіпі» тақырыбында онлайн режимінде халықаралық дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараны факультет деканы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Г.Р. Тастанбекова ашты. Гүлнәр Рахымбердіқызы өз сөзінде су мен топырақтың байланысы айқын – климаттың өзгеруі мен адам әрекеті топырақтың деградациясына әкеліп соғатынын, бұл су ресурстарына шамадан тыс күйзеліс туғызатынын атап өтті. Топырақтың эрозиясы мен тығыздалуы топырақтың суды сақтау, ағызу және сүзу қабілетін нашарлатады және тіршіліктің барлық түрлері үшін судың қолжетімділігін төмендететіндігін де айта кетті.
Аграрлық факультетінің «Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехнология» кафедрасының доценті Джарболов Нуриддин Мусирұлының баяндамасы сумен жабдықтау желілеріндегі ысыраптарды азайту алгоритміне арналды.
Әзірбайжан Топырақтану және агрохимия институтының профессоры Мұстафаев Мұстафа Гылман оглы деградацияның себептері мен мәселені шешу жолдары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
«Суландыру және құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру және технологиясы» кафедрасының меңгерушісі, Ресей мемлекеттік аграрлық университеті - К.А.Тимирязева атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясының профессоры Балабанов Виктор Иванович органикалық егіншілікте топырақты өңдеу мәселелеріне тоқталды.
«Агроөнеркәсіптік кешен және энергетикалық ақпараттық ресурстар мәселелері» ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі, М.Әуезов атындағы ОҚУ доценті Мурзабаев Болат Асанханұлы баяндамасын Қазақстанның оңтүстігіндегі топырақтың бұзылуына арнады.
Дөңгелек үстелге қатысушыларды қызықтырған сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді. Кездесу халықаралық дөңгелек үстелдің қызметкерлері мен спикерлеріне сертификаттар табыстаумен аяқталды.