«Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өткен Аграрлық факультет ғалымдарын құттықтаймыз!

«Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының ғылыми тағылымдама бағдарламасының екінші легі қорытындысы бойынша Аграрлық факультетінің екі ғалымы аталған грант иегерлерінің қатарына қосылып, 2024 жылдың басында Ресейде ғылыми зерттеулерін жүргізе бастайды. Нұрлыбек Егемқұлов пен Дәулет Дошанов Ресей мемлекеттік аграрлық университетінде – А.Қ. Тимирязев атындағы АШМА-да 2024 жылғы 1 ақпаннан 2025 жылғы 31 қаңтарға дейін тағылымдамадан өтеді.

Мемлекет басшысының ғалымдарға әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтуі үшін 500 грант бөлу туралы тапсырмасын орындау мақсатында 2021 жылы Халықаралық бағдарлама орталығы «500 ғалым» ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламасын іске қосты. Бұл бағдарлама қазақстандық зерттеу университеттерінде, ғылыми орталықтарда және басқа да ғылыми мекемелерде 3 айдан 12 айға дейінгі ғылыми тағылымдамадан өту үшін 2025 жылға дейін жыл сайын 500 шәкіртақы беруді қамтиды.


Күнтізбе

Мамыр 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.