Аграрлық факультетте студенттер мен жас ғалымдардың 27-ші ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

2023 жылдың 5-6 желтоқсанында Аграрлық факультетінде «АӨК дамытудың өзекті проблемалары: өткені, бүгіні, болашағы» тақырыбында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 80 жылдығы және Аграрлық факультетінің 20 жылдығына арналған студенттер мен жас ғалымдардың 27-ші ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияны құттықтау сөзімен факультет деканы Г.Р. Тастанбекова ашты.

Конференция барысында «Өсімдік және мал шаруашылығы», «Ветеринария», «Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» бағыттары бойынша 52 баяндама тыңдалды. Баяндамаларды талқылаудан кейін комиссия мүшелері келесі жүлделерді белгіледі:

I орын - АП 20-7дк тобының студенті Сайдазимов Айдар, баяндамасы «Жылыжайда лимон өсіру технологиясы».

II орын – АП 21-8к3 тобының студенті Зиятхан Кенже, баяндамасы «М.Әуезов атындағы ОҚУ-клиникасында өсірілген бөдене шөжелерінің гиповитаминозы».

II орын – Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының 3 сынып оқушысы Байтұрсын Нұрсұлтан «Фастфуд тағамдарының пайдасы мен зияны».

III орын – АП-20-8к2 тобының студенті Мырзаханқызы Дина, баяндамасы «Бруцелез ауруының алдын алу және оны жою шаралары».

III орын – Д.И. Менделеев атындағы №15 мектеп-лицейінің 9-Б сынып оқушысы Әріпжан Нұрай Бақытжанқызы, баяндамасы «Жылыжайда қияр өсіру технологиясы».


Күнтізбе

Мамыр 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.