Жаңалықтар
Аграрлық факультет ғалымдары су қауіпсіздігі мәселелері бойынша семинарға қатысты
2023 жылғы 31 шілдеде Аграрлық факультет ғалымдары "Орталық Азиядағы су қауіпсіздігін арттыру және су ресурстарын басқару: Қазақстанға баса назар аудара отырып (Сырдария өзенінің бассейні, Қазақстан Республикасының оңтүстігі)" семинарының жұмысына қатысты. "Су ресурстары және жерді пайдалану" кафедрасының доценті Нұриддин Жарболов "ГАЖ технологияларын пайдалана отырып, су құбыры-кәріз шаруашылығының техникалық мазмұнының құрылымы" тақырыбында баяндама жасады.
Семинардың мақсаты жалпы Орталық Азияда, атап айтқанда Қазақстанда да су қауіпсіздігі проблемаларын және су ресурстарын басқаруды жақсарту жолдарын кеңінен талқылау болды.