Жетістіктер және жүлделер
- Қаралды: 1860
Қала жастарына білім беру, Отаншылдық рухта тәрбиелеуге үлес қосып, қоғамдық жұмыстардағы белсенді қызметі үшін қала әкімі М. Әйтеновтен Аграрлық факультеттің "Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника" кафедра меңгерушісі Султанбекова Парида Сынабайқызы алғыс хат алды.
Қала жастарына білім беру, Отаншылдық рухта тәрбиелеуге үлес қосып, қоғамдық жұмыстардағы белсенді қызметі үшін М. Әуезов атындағы ОҚУ әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор С. Мәжінбековтен Аграрлық факультеттің « Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедрасының аға тәлімгері Абашев Мурат Маратович алғыс хат алды.
«Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедрасының т.ғ.к, доценты, аға оқытушысы Баймаханов Кенжемырза Елбасы Н.Ә. назарбаевтың «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒРУ» атты бағдарламалық мақаласын педагогтер арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «ЛИДЕР ПЕДАГОГ-2020» атты республикалық байқауға қатысып 1-дәрежелі диплом алып жеңімпаз атанды.