Жетістіктер мен жүлделер

17-24.08.2021 аралығында Алматы қаласында өткен Азия чемпионатында Аграрлық факультеті, Ветеринарлық медицина кафедрасының АП-17-8дк3 тобының студенті Сарыбай Ердаулет Жастар арасында 1 орын (оң қол), 2 орын (сол қол), Ересектер арасында екі қолдан да 2 орын алды!

 "Биотехнология" және "Ветеринарлық медицина" кафедралары бірлесіп магистратура бойынша жасаған 7М05126 - Ветеринарлық биотехнология білім беру бағдарламасының презентациясы болып, сәтті өтті! Білім беру бағдарламасын жұмыс беруші ретінде ҚР АШМ ВБжҚК "Республикалық ветеринарлық зертхана" ШЖҚ РМК, Оңтүстік Қазақстан өңірлік филиалының бактериолог, ветеринарлық дәрігері Туйтенова Гулнара Абишевна және проректер, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент басшылығы және кафедра меңгерушілері мен ПОҚ талқылап Университеттің ғылыми кеңесіне бекітуге ұсынды!