Жалпы мәліметтер
- Қаралды: 453
«Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» білім беру бағдарламасының мақсаты университеттің стратегиясына және ауыл шаруашылық өндірісін тұрақты дамыту бойынша агроөнеркәсіптік саясатына сәйкес мал шаруашылығы өндірушілерінің бәсекеге қабілетті мамандарын дайындау болып табылады.
Қазіргі уақытта, кафедра құрамында 4 ғылым докторы, профессорлар, 5 ғылым кандидаттары мен 1 Доктор PhD және 1 оқытушы, магистр қызмет атқаруда. Ғылыми дәрежесі бар оқытушылардың үлесі 91,2% құрайды.
Халықаралық байланыстарды жалғастыруда кафедра студенттері атақты ғалымдардың Томас Мор (Германия), Ю.Юлдашбаев және А. Буряков (Ресей), Қ.Айтқұлов (Қырғызстан) дәрістерін тыңдауға мүмкіндіктері бар.
Оқу және профессионалдық тәжірибе жұмыстарын, ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін кафедрада жан-жақты жағдай жасалынған.
Өткен жылдары кафедра түлектерінің саны 490, оның көбісі грантқа оқыған. 2018-2019 оқу жылы күндізгі оқу бөліміндегі студенттер саны 126.
Мамандардың жұмыс орындары мал шаруашылық фермалары, кешендері, құс фабрикалары, ғылыми зертханалар, қорықтар, өндірістік кооперативтер, ЖШС, фермерлік шаруашылықтар, мал шаруашылық бағытындағы фирмалар; ауыл шаруашылық жануарлары, құс, балық, ара ж.б.