Отандық серіктестер, іс-тәжірибе базалары, оқу-ғылыми-өндірістік кешендер
- Қаралды: 429
Оқу процессінде білім беру бағдарламасының практикалық- бағдарланған жолы болашақ мамандарды даярлаудың негізгі тапсырмасын шешеді – жеке тұлғаның профессионалды компетенттілігін дамытуға арналған шарттарды жасау болып табылады. Осы мақсатта студенттердің іс-тәжірибеден өтетін келісім-шарт жасалған, ауданның ауыл шаруашылық ірі кәсіпорындарында студенттердің профессионалды іс-тәжірибесі ұйымдастырылады. Сонымен, ЖШС «Шымкент құс», ЖШС «Ордабасы құс», ШҚ «Ортай», ШҚ «Сералы» және т.б. іс-тәжірибеден өту туралы келісім-шарттар бар. Профессионалды практика оқудың барлық курстарында жүргізіледі және пәнді оқыту кезінде алынған білімді бекітуге, практикалық ептілікті алуға мүмкіндік береді.
Практикалық-бағдарлы көзқарасты іске асыруда ОҒӨК маңызды рөл атқарады. «Мал шаруашылығы өнімдері технологиясы» кафедрасында ОҒӨК жасау туралы «СПМК Жанаталап» ЖШС және «Сералы» шаруа қожалығымен келісім-шарттар жасалды. «СПМК Жанаталап» ЖШС маманы кафедра штатында (0,25 ставкада) жұмыс істейді. УНПК жасау туралы келісім-шарт аясында сабақтар, профессионалды практикадан өту, дипломдық жұмысты орындау жүргізіледі.
УНПК базасында («СПМК Жанаталап» ЖШС, «Сералы» ШҚ) кафедрада практика аясында келесі жұмыстар жүргізіледі: лекция оқу, дипломдық жұмыстарды басқару, әдістемелік нұсқаулықтарды шығару, семинарларды жүргізу, серіктестіктердің өкілдерімен кездесу және т.б.