Жаңалықтар
Өзбекстан ғалымдарының дәрістері
Ташкент мемлекеттік аграрлық университетімен ынтымақтастық туралы Меморандум аясында 25-26 мамырда профессор Б. Насыров және доценттер Б. Камилов пен Ж. Ашанқұлов «Өзбекстан топырағының деградациясы» тақырыбында дәрістер оқыды. Дәріскерлер тыңдаушыларға топырақтың деградациясы проблемалары және дамудың алғашқы кезеңдерінде деградациялық процестердің алдын алу қажеттілігі туралы айтып берді. Сондай-ақ, жер жамылғысының деградациясын бағалау, физика-химиялық және биологиялық талдау үшін сынамаларды алу және дайындау үшін әртүрлі әдістердің мысалдары келтірілді.
Сондай-ақ, Тараптар Жаздық мектептерді, семинарлар, конференциялар, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде бірлескен ынтымақтастық перспективаларын талқылады.