Кафедраның тәрбие жұмысы
- Қаралды: 66
М.Әуезов атындағы ОҚУ Ветеринарлық медицина кафедрасының
2024-2025 оқу жылында тәрбие жұмысы бойынша
«Ветеринарлық медицина» кафедрасының тәрбие жұмысының мақсаты жастар саясатын, жастардың шығармашылық потенциалын дамытуға, аға ұрпақты үлгі тұтатын, Абай Құнанбаевтың «ТАЛАП, ЕҢБЕК, ТЕРЕҢ ОЙ, ҚАНАҒАТ, РАХЫМ» ТАЛАПТАРЫНА сәйкес келетін «ТОЛЫҚ АДАМ» тұрғысында дамыту болып табылады.
31.08.2024ж М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің 2024-2025 жылғы факультеттің кеңесінде тәрбие жұмысының жоспары жасалып, талқыланып, «Тәрбие ісі және жастар саясаты» департаменті бекіткен факультеттің тәрбие жұмысының жоспары негізінде төменгі тізімде көрсетілген бағыттар бойынша кешенді жұмыстар жүргізілді. Академиялық топтарға тәлімгерлер және аға тәлімгерлер тағайындалды. Хаттама №1
Атап айтсақ:
- Ұйымдастыру жұмыстары.
- Азаматтық - патриоттық және құқықтық тәрбие.
- Рухани-адамгершілік тәрбие.
- Кәсіби және еңбек бағытында тәрбие беру
- Діни толеранттылықты қалыптастыру.
- Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын қалыптастыру.
- Экологиялық тәрбие беру.
- Интеллектуалдық және коммуникативтік мәдениетті дамыту
- Мәдени-эстетикалық және полимәдениеттік тәрбие беру.
- Студенттік өзін-өзі басқару жүйесін және жастар бастамаларын дамыту.
- Ұйымдастыру жұмыстары:
1.1 Ұйымдастыру жұмыстары;
Мақсаты. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті 4.0. моделін қабылдады. Модель бойынша университет білім беруші, зерттеуші, білімді коммерциялаушы және рухани, адамгершілікті Абайдың “ТОЛЫҚ АДАМ” тұлғасын қалыптастыру. Университеттегі студенттермен жүргізілетін тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру. Идеологиялық, насихаттау, түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, тәрбие жұмысында толыққанды нәтижеге қол жеткізу.
Оқу жылдығында кафедраның топ студенттеріне кейбір ауысымдағы топтарға топ тәлімгерлер мен тәлімгерлік сағаттар кафедра мәжілісінде қаралып бекітілді. Сондай-ақ кафедраның тәрбие жұмыстарын тексеру кестесін құруы, тәлімгерлер жүргізетін тәрбие жұмысының барысын бақылау және мониторинг жүргізу ТЖ жоспары, жеке жоспарлар, тәлімгерлер журналы, тәлімгер сағаттары кестеге сай орындалды.
1-курс студенттерін 1-қыркүйек «Білім күнімен» декан, декан орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, топ тәлімгерлері құттықтады, топтарға топ тәлімгерлері таныстырылып, топ басшылары тағайындалып, М.Әуезов атындағы ОҚУ әдеп кодексі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл стандарты, жалпы университеттің ішкі тәртіп ережелерімен таныстырып өтті.
Тәлімгерлерді бекіту (өкім номері 1, «Ветеринарлық медицина» кафедрасында қаралды)Хаттама №1 28. 08. 2023 ж.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі:
https://www.instagram.com/p/C_bIaS4t66O/?utm_source=ig_web_copy_link
https://www.instagram.com/reel/C_27pUSNmzn/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Кесте №1 Академиялық топтар, тәлімгерлер, жатақханада тұратын студенттер туралы мәлімет
№ |
Күндізгі бөлімде оқитын студ енттер саны |
Тәлімгерлер саны |
Топ саны |
Жатақханада тұратын студенттер саны |
1 |
359 |
16 |
18 |
35 |
Кесте №2 Академиялық топ тәлімгерлері
1 |
Марзанова Ж.Н. |
магистр |
АП-24-8к1 |
2 |
Орынбаева Б.М. |
магистр |
АП-24-8к2 |
3 |
Батхиева Г. |
магистр |
АП-24-8кс |
4 |
Шатманов Қ.Қ. |
аға оқытушы |
АП-24-8р |
5 |
Кузербаева А.Т |
PhD доктор |
АП-23-8к1 |
6 |
Шеримова С.К. |
PhD доктор |
АП-23-8к2 |
7 |
Шатманов Қ.Қ. |
аға оқытушы |
АП-23-8р |
8 |
Құрбанова К.С |
магистр |
АП-22-8к1 |
9 |
Калкаева Д.Б. |
PhD доктор |
АП-22-8тк |
10 |
Шеримова С.К. |
PhD доктор |
АП-22-8А |
11 |
Сарыбаев Ы.У. |
магистр |
АП-21-8к1 |
12 |
Ермекбаева Р.Ж. |
а.ш.ғ.к. |
АП-21-8к2 |
13 |
Тұтқышбай И.А. |
в.ғ.к. |
АП-21-8к3 |
14 |
Байжанов К.С |
а.ш.ғ.к. |
АП-21-8тк |
15 |
Құрбанқұл Н.Н. |
магистр |
АП-20-8к1 |
16 |
Құрбанова А.С |
магистр |
АП-20-8к2 |
17 |
Қамбаров А.А. |
магистр |
АП-20-8к3 |
18 |
Нұрходжаев Н.О. |
магистр |
АП-20-8р |
Университетімізде 2024-2025 оқу жылынан бастап тәлімгерлік журнал электронды жүйеге көшірілді. Әр ай сайын 1 курстар үшін 3 тәлімгерлік сағат, 2 курстар үшін 2 тәлімгерлік сағат, 3 курстар үшін 2 тәлімгерлік сағат, 4-5 курстар үшін 1 тәлімгерлік сағат бойынша тақырыптар берілді. Электронды журналға тақырыптар мерзімі әр айдың басында көрсетіліп, Google Classroom жүйесіне көрсетілген мерзімде жүктелді. Жүктелген тәлімгерлік сағаттың хаттамасы мен әлеуметтік желідегі жарияланымын топ тәлімгері Google Classroom жүйесіне жүктеді, жалпы әрбір өткізілген тәлімгерлік сағат 100 балдық жүйемен бағаланды, базаға жүктелген тәлімгерлік сағаттың хаттамасы максимальды 80%-ды және әлеуметтік желідегі сілтемесі максимальды 20%-ды құрады, яғни, әрбір тәлімгерлік сағат университетіміздің Тәрбие бөлімі шеңберінде бағаланып отырылды.
1.2 Жатақханада тұратын студенттер туралы мәлімет және жатақханада өткізілген іс- шаралар туралы мәлімет
Студенттік жатақхана қабырғасында Аграрлық факультетінің студенттері үшін "Жатақхана шағын қалашығындағы Жарқын сәттерге толы-студенттік өмір! " ұйымдастырылып, кештің, негізгі қонактарыфакультет студенттері және факультет деканы Тастанбекова ГульнараРахымбердиевна, кафедра меңгерушілер КузербаеваАйсулуТурмаханбетқызы, Жылкибаев Асет Кенесбекович, КенжалиеваГулмира Дуйсенбаевна, тәрбие жөніндегі замдекан Бегалиев Бағдат шакырылды.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі:
https://www.instagram.com/reel/DC8TWKINugT/?utm_source=ig_web_copy_link
Кафедрамыздың магистр, аға оқытушысы Қамбаров А.Ә. «Мамандығым мақтанышым» тақырыбында жатақхана студенттеріне жақсы ой қалыптастыру мақсатында 5 студенттік жатақханада жататын студенттермен дөңгелек стөл өткізді. Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Өмірде тек екі нәрседен қателеспеу керек. Оның бірі жар таңдаудан болса, екіншісі мамандық таңдаудан. Бұлай айтылудың себебі сенің таңдаған мамандығың сенің болашағың. Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана адам өзін бақытты сезінеді екен. Мамандық таңдау – өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.
“Ветеринариялық медицина” кафедрасының —“Сұңқар” студенттер ғылыми үйірмесінің жаңа 2024—25 оқу жылындағы алғашқы мәжілісі өткізілді. Мәжілісте үйірме төрайымы, орынбасары, хатшысы, кеңес мүшелері бекітілді.
Үйірме төрайымы Стамбекова Жанерке.
Төрайым орынбасары Толеуова Томирис.
Үйірменің ғылыми хатшысы Ермекбай Эльмира сайланды.
Сонымен қатар мәжілісте студенттердің өткен оқу жылындағы ұйымдастырған іс шараларын университет басшылығы тарапынан марапаттап, кафедрамыздың профессоры Тұтқышбай И.Ә. үйірме мүшелеріне алғыс хат табыстады.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі:
https://www.instagram.com/p/C_8ij_zCdhA/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
1.3 Студенттердің әлеуметтік жағдайы туралы мәлімет
Жетім, мүмкіндігі шектеулі, көп балалы, отбасылық жағдайы төмен студенттерге әлеуметтік көмек көрсету мақсатында 1 курс студенттері арасында кездесу ұйымдастырылды.
«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 2023-2024 оқу жылы төлемінің ақысына жеңілдікке ұсынған студенттер тізімі.
№ |
Аты-жөні |
Тобы |
Қай категорияға жатады |
Растайтын құжаттар |
Комиссия шешімі |
1 |
Тұрғанбек Айсұлтан Қуатбекұлы |
АП-22-8к2 |
Студенттің 3 топтағы мүгедектігі бар |
3 топтағы мүгедектігі |
- |
2 |
Рахматуллина Айнур Азымханқызы |
АП-21-8к1 |
Анасының 3 топтағы мүгедектігі бар |
Анасының 3 топтағы мүгедектігі |
10 % |
3 |
Тайларбек Айтжан Қазыбекұлы |
АП-21-8к1 |
Әкесінің 3 топтағы мүгедектігі бар |
Әкесінің 3 топтағы мүгедектігі |
10 % |
4 |
Әбдрахман Ардақ Оспанәліұлы |
АП-21-8к1 |
Көп балалы отбасы |
Отбасы мүшелері анықтамасы 7 бала 1 студент, 2 бала мектеп жасында, 1 бала бала- бақша жасында Кіріс анықтамасы |
20% |
5 |
Жүсіп Абылайхан Талғатұлы |
АП-23-8к2 |
Көп балалы отбасы |
Отбасы мүшелері анықтамасы 4 бала 1 студент, 2 бала мектеп жасында, 1 бала бала- бақша жасында Кіріс анықтамасы
|
- |
6 |
ЖолдасханДәнекер Жұматайұлы |
АП-24-8кc |
Көп балалы отбасы |
Отбасы мүшелері анықтамасы 4 бала 1 студент, 2 бала мектеп жасында, 1 бала бала- бақша жасында Кіріс анықтамасы
|
30% |
7 |
ПернебекБалжанРахимжанқызы |
АП-24-8к2 |
Көп балалы отбасы |
Отбасы мүшелері анықтамасы 4 бала 1 студент, 2 бала мектеп жасында, 1 бала бала- бақша жасында Кіріс анықтамасы
|
20% |
- Азаматтық - патриоттық және құқықтық тәрбие:
Мақсаты. Мемлекеттік қоғамдық-саяси маңызы бар іс-шараларды, мерейтойларды атап өту арқылы тәрбие жұмысында жаңа қазақстандық патриотизм идеясын насихаттау, студенттерде белсенді азаматтық ұстаным мен құқықтықсананы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру. Еліміздің мемлекеттік рәміздеріне деген құрмет сезімін нығайту
2.1 Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын насихаттау мақсатында кафедра студенттеріне өткізілген іс- шара
Еліміздің экономикасын дамытуға қатысты бүгін айтылған жоба-жоспардың бәрі нақты зерттеліп, есептеліп жасалды.
Бүкіл экономикалық жүйені шұғыл түрде түбегейлі қайта қарап, өзгерту арқылы елімізді өркендетеміз, халықтың әл-ауқатын арттырамыз.
Реформаның басты мақсаты – экономикамыздың тұрақты өсімін 6-7 пайызға жеткізу және 2029 жылға қарай ұлттық экономиканың көлемін 2 есеге ұлғайту, яғни 450 миллиард долларға жеткізу. Әрине, бұл – ауқымды әрі күрделі міндет. Бірақ біз еліміздің байлығын, табысын азаматтарымыздың арасында әділ бөлуіміз қажет.
Бір сөзбен айтқанда, экономикалық өсімнің игілігін әрбір азаматымыз көруі керек. Бұл – принципті мәселе.
Еліміздің болашағы баянды болсын десек, бұл стратегиялық міндетті қалайда орындауға тиіспіз.
Мен еліміздің даму бағдары туралы пайымдарымды үнемі айтып жүрмін. Соны тағы да қайталағым келеді.
Біз болашақта қандай ел болатынымызды нақты білеміз.
Бәріне бірдей мүмкіндік беретін өркениетті ел – Әділетті Қазақстанды құрамыз. Заң және тәртіп, өзара түсіністік, тілектестік пен жауапкершілік бәрінен биік тұратын тиімді мемлекет боламыз. Қоғамдық тәртіпті бұзатын кез келген арандатушылық әрекетке қатаң тосқауыл қою қажет. Өкінішке қарай, құқық қорғау мекемелері және аймақ басшылары осы жұмысты дұрыс атқармай отыр. Басқа сөзбен айтқанда, заң үстемдігін қамтамасыз етпейді. Соның салдарынан қоғамымызда ұдайы келеңсіз оқиғалар болып жатады.
Біз мәдениетті, білімді, ғылымды дамыту арқылы қазіргі ашық әлемнің бір бөлшегі болуға ұмтылуымыз керек. Алдымызға қойған биік мақсатқа жету оңай болмайды. Бірақ бүкіл ел болып кіріссек, бұл – қолдан келетін шаруа. Халық, бизнес және билік өкілдері бар күш-жігерін жұмылдыруы керек. Сонда ғана мемлекетіміздің қазіргі даму үлгісін түбегейлі өзгерте аламыз, кедергінің бәрін жеңеміз.
Жалпы, әлемдегі ахуалдың күрделі екенін көріп отырсыздар. Барша адамзат түрлі сын-қатермен бетпе-бет келуде. Көптеген ел табиғи апатты, электр қуаты мен азық-түлік тапшылығын бастан өткеруде. Мамандардың айтуынша, биылғы шілде әлем тарихындағы ең ыстық ай болды. Көптеген елде инфляция өршіп, қымбатшылық болып жатыр. Мемлекеттер арасында түрлі текетірес, қарулы қақтығыс белең алды. Босқындардың саны 110 миллионнан асты. Мұның бәрі Қазақстанға да салқынын тигізеді. Бірақ біз жаһандық дүрбелең дәуірінде өз бағдарымыздан адаспаймыз.
Әрине, даму жолымыз әрдайым теп-тегіс, даңғыл болмайды. Ешкім де сырттан келіп, Қазақстанды көркейтіп жібермейді. Ол үшін еліміздің әрбір азаматы заман талабына сай болуға тиіс. Жалпы, халқымыз осындай дағдарыс кезінде біртұтас болуы керек. Басқа жол жоқ.
Әділетті Қазақстанды құрамыз десек, саяси-экономикалық реформа жасау жеткіліксіз. Ең бастысы, қоғамдық сана, азаматтардың ниеті өзгеруі керек. Онсыз басқа жұмыстың бәрі бекер. Мен бұл туралы Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында нақты айттым.
Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру еліміз үшін айрықша маңызды. Әрбір азаматымыз, әсіресе, жастар ең жақсы қасиеттерді бойына сіңіруі қажет. Оның бәрі бірігіп, біртұтас қоғамдық қасиетке айналады.
Әркім отаншыл, білімпаз, еңбекқор, тәртіпті, адал, әділ, үнемшіл әрі жанашыр болса, алынбайтын асу жоқ. Абайдың «Толық адам» ілімінен бастау алатын «Адал азамат» тұжырымдамасының түпкі мәні – осы.
Тағы да қайталаймын: Әділетті Қазақстан және Адал азамат ұғымдары егіз құндылық ретінде әрдайым қатар жүруге тиіс. Шын мәнінде, адалдық жоқ жерде ешқашан әділдік болмайды.
Әрбір адам ісі мен сөзі бір жерден шығатын Адал азамат болса, әділдік орнайды.
Қазақстан – біздің жалғыз ғана Отанымыз. Оның іргесі берік, керегесі кең, төрт құбыласы түгел болуы – өз қолымызда. Бабалардан мирас болған ұлан-ғайыр жерді қорғау, оны өркендету – біздің перзенттік парызымыз.
Мен еліміздің әрбір азаматын осы қасиетті парызға адал болуға шақырамын.
Берекелі бірлігімізді сақтап, табанды еңбек етсек, Отанымызды көркейтіп, ұрпаққа дамыған мемлекет ретінде табыстасақ, бабалар аманатына адалдық деген – осы!
2.2 Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрына студенттерінің рухани азық болатын, мәдениеттілікке, имандылыққа бастайтын баспалдақ, алтын көпір ретінде, эстетикалық адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеудің аса маңызды құралы болып саналатын өнер ордасына АП-24-8к1 тобы мен топ тәлімгері Марзанова Жанерке барып қайтты.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі:
https://www.instagram.com/p/DBTj6vRtpbE/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
2.3 «Аграрлық» факультетінің деканы Тастанбекова Г.Р., «Ветеринарлық медицина» кафедрасының профессор - оқытушы құрамын «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 31.03.2023 жылғы №112 санды бұйрығымен бекітілген «Квазимемлекеттік сектор субьектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплеанс - қызметтер туралы үлгілік ереже» негізінде дайындалған, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплеанс - қызметі отандық заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларын, университеттің бірнеше ішкі құжаттарының жобаларын таныстырып өтті. Ұсыныстар мен пікірлерін жинақталатынын атап айтты.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі:
https://www.instagram.com/reel/DDuaeAnNyS_/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
2.4 Тәуелсіздік күніне орай “Аграрлық” факультетінде “Ветеринарлық медицина” кафедрасының ұйымдастыруымен “Тәуелсіздік-тұғырлы тарих” атты іс шарасы өткізілді!
1991 жылғы 16 желтоқсан – төл тарихымыздағы мерейлі белес. Бұл – егемен ел болуды аңсаған ата-баба арманы ақиқатқа айналған ұлы күн.
Тәуелсіздік күнінің айрықша мән-мағынасы бар. Азаттық үшін арпалысқан ұлт перзенттерін ел жадында мәңгі сақтау – қасиетті парызымыз. Олардың отаншылдық қасиеті – бүгінгі және болашақ ұрпаққа әрдайым үлгі-өнеге.
Тәуелсіздік – баға жетпес байлық. Бәріміз оны көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Мемлекетіміздің егемендігін, еліміздің амандығы мен жеріміздің тұтастығын қорғау – әр азаматтың қастерлі борышы.
Бұл іс-шараға АП-23-8к1, АП-24-8к1, АП-24-8к2 топтары белсене қатысты.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі: https://www.instagram.com/reel/DDgrABEtzpG/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
2.8 «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» акциясына шеруіне студенттеріміз қатысты.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі:
https://www.instagram.com/reel/DB--qWCtgQF/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
19.12.2024ж. «Ветеринарлық медицина» кафедрасының студенттері өңірдің ірі мекемелерімен және ұйымдарымен имидждік іс-шараларды тұрақты негізде өткізуде. Соның бірі ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясы, Бас маман мемлекеттік ветеринариялық санитариялық инспекторы Көгенбаев Ғалымжан Ахмедұлының қатысуымен өткен іс-шара. Кездесу барысында бітіруші студенттер, атап айтқанда АП-20-8к1, АП-20-8к2, АП-20-8к3, АП-20-8р топтары өздерін қызықтыратын сұрақтарына жауап алып, болашақта жоғары оқу орнын бітіргендегі мамандық бойынша қайда жұмыс жасай алатынын, өз мамандығының артықшылықтарын білді. https://www.instagram.com/reel/DDwzqwqNukS/?igsh=MW80c2s2bDBmNmo4dQ==
19.12.2024ж. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты 15 наурызында өткізілген үшінші отырысында айқындалған. «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» – бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Осы үш тағанды озық әрі табысты елге айналудың басты кілті деуге болады. Балалар мен жастарды тәрбиелеп, олардың бойына осы озық құндылықтарды сіңіруге айрықша көңіл бөлінуі керек-деп атап өтті мемлекет басшысы. Бұл бойынша студент жастармен түсіндірме жұмыстарын ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясы, Бас маман мемлекеттік ветеринариялық санитариялық инспекторы Тусекеев Жалғасбек Саруарович, АП-20-8к1, АП-20-8к2, АП-20-8к3, АП-20-8р топтарына өткізді.
https://www.instagram.com/reel/DDwzI5ONZM9/?igsh=ZzhydndvM2cwdDJ0