Кафедра тарихы

                                      Кафедра тарихы


        «Ветеринарлық медицина» кафедрасының тарихы 2003 жылдан бастау алады. Алғашқы кезде «Агротехнология» кафедрасы болып құрылып, 2005  жылы «Ветеринариялық медицина және зоотехния» кафедрасы, 2011 жылы  «Ветеринариялық медицина» кафедрасы, 2014 оқу жылы «Ветеринариялық медицина» кафедрасы екі  кафедраға : «Ветеринариялық клиникалық диагностика»  және  «Жануарлар патологиясы» кафедраларына бөлінді. 2022 жылы университет  құрылымын қайта ұйымдастыру мақсатымен -«Ветеринариялық клиникалық диагностика» кафедрасы мен «Жануарлар патологиясы» кафедрасы  біріктіріліп, «Ветеринариялық медицина» кафедрасы болып қайта  құрылды.
           Кафедраның құрылып қалыптасу кезеңінде-мына төмендегі профессор –оқытушылар құрамы профессор а.ш.ғ.д Б.Қожалы; профессор б.ғ.д М.Қожабаев, аға оқытушы Ш.Қаратаев, аға оқытушы п.ғ.м ҚХР Шыңжан университетінде тағылымнамадан өткен М.Оспанова, оқытушы Т.Айдарбеков талмай еңбек етіп, кафедраның материалдық –техникалық базасын күшейтуге зор үлес қосты.

Әр жылдары кафедраны басқарған  меңгерушілер:
2003-2004 ж. Б - Қожалы
2004-2005 ж. - Н. Купешев.
2005-2007 ж. – С.Жарасбаев
2007-2011 ж. - Б. Асылбеков
2011-2012 ж. – М.Бердіқұлов
2013 ж. -  Ә.Муталиев-  «Ветеринариялық клиникалық диагностика» кафедрасы
2014 ж. - Тұрымбетов Б.С-«Жануарлар патологиясы» кафедрасы
2014-2017ж. - Тулеметова С.Е- «Ветеринариялық клиникалық диагностика» кафедрасы
2018 ж. -  Мамбетова Л.М- «Ветеринариялық клиникалық диагностика» кафедрасы
2018-2021 ж. - Тұтқышбай И.Ә- «Ветеринариялық клиникалық диагностика» кафедрасы
2018-2022 ж. - Кузербаева А.Т- «Жануарлар патологиясы» кафедрасы
2022 ж. -  Кузербаева А.Т - «Ветеринарлық медицина» кафедрасы
Қазіргі таңда кафедраға  PhD докторы Кузербаева А.Т жетекшілік етеді.

         Кафедрада 3 ғылым докторы, ,6 ғылым кандидаттары, 3 PhD докторы, 12 ғылым магистрлері ,  дәріс береді. Дәрісті республика мен шетелдерге танымал ғалымдар мен мамандар оқиды. Атап айтқанда «Үздік ЖОО оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері ветеринария ғылымының докторы, профессор Б.К..Ильясов; Қазақстан Республикасы Президентінің  “Болашақ ” халықаралық бағдарламасының стипендиаты доцент,в.ғ.к И.Ә.Тұтқышбай.
         «Ветеринарлық медицина» кафедрасы өте маңызды және беделді білім беру бағдарламалары В083-білім бағдарламасы тобы: 6В09111-Ветеринариялық медицина   бойынша – жануарлардың, құстардың, балықтар мен аралардың инфекциялық, инвазиялық және жұқпалы емес ауруларын -балау, емдеу, алдын-алу сондай ақ қазіргі заманғы еңбек нарығына бейімделген және бәсекеге қабілетті, жоғары білікті ветеринариялық   мамандар  дайындайды. Оқу мерзімі 5-жыл. Мамандардың алғашқы шығарылымы 2008  жылы жүзеге асырылды. Кафедра құрылғаннан бері 1200-ден астам мамандар даярланды.Осы аралықта Қытай,Өзбекстан мемлекеттерінен келген шет елдік студенттер де білім алып шықты.
        Оқу процесін жүргізу үшін кафедрада оқу-әдістемелік материалдардың техникалық базасы қажетті құралдармен жабдықталған. Кафедра құрамында «Жануарлар морфологиясы мен анатомиясы», «Жануарлар биохимиясы мен физиологиясы», «Ветеринарлық микробиология және вирусология», «Ветеринарлық фармакология және токсикология», «Ветеринарлық санитарлық сараптау» зертханалары және  «Ветеринарлық оқу клиникасы»  ұйымдастырылған. Барлық пәндер қазақ, орыс, сонымен қатар ағылшын тілдерінде жүргізіледі. .
          "Ветеринарлық медицина" кафедрасының жалпы ауданы 321  шаршы метрды құрайды. Оның 120,75 шаршы метрін 3 дәрісхана  және 200,25 шаршы метрін 4 зертхана құрайды. Олар заманауи  зертханалық приборлармен жабдықталған: И-160 МИ зертханалық иономер, «Ohaus» РА-214 электронды аналитикалық таразы және аналитикалық таразылар, центрифуга Liston C 2204, микроскоп Биомед 10, трихинелоскоп 454Б 2М, кептіргіш шкафтар,  муфель пештері, аквадистиллятор, орбитальді шейкер, интерактивті тақталар,  компьютерлер және т.б. 205,112 аудиториялары және 115 зертханасы  интерактивті  тақтамен жабдықталған. «Ветеринарлық оқу клиникасы» жалпы ауданы 180 шаршы метрды құрайды,виварии жануарларымен қамтылған. Сабақтарды  интерактивті тәсілмен жүргізу мақсатында виртуальды зертханалық жұмыстармен таныстыру, бейне дәрістерді көрсету, электронды кітаптарды қарау, презентациялық материалдарды демонстрациялау,   мультимедиялық файлдарды  үлкен  экранда көрсету кеңінен қолданылады.
         Кафедра профессор –оқытушылар құрамы біліктілікті көтеру үшін әр жылдары, шет елдік ветеринария оқу орындарында тағылымнамадан өтіп келуде. Атап айтқанда Қазақстан Республикасы Президентінің  “Болашақ ” халықаралық бағдарламасымен  доцент, в.ғ.к И.Ә.Тұтқышбай Германияда 2011ж,: аға оқытушылар в.ғ.м Ш.Абдыкаримова, п.ғ.м А.Құрбанова Франция .Тулуза жоғары ветеринария мектебі. 2015ж
         Ғылыми –зерттеу жұмыстарының нәтижесінде,кафедра ғалымдары: 1-патент,6-иновациялық патент,2-авторлық куәгерлк иегері,6-ұсыныс даындалып өндіріске енгізілді. Профессор –оқыушылар құрамы осы жылдар аралығында 4 –монография; 6-оқулық; 8-оқу құралдарын ҚР БжҒМ грифімен баспадан шығарды және 16 оқулық пен оқу құралдарын қазақ және орыс тілдерінде дайындады. Ірі қара малдың тейлериоз және пироплазмоз ауруларына қарсы бірлескен екпе/вакцина/, малдың сарып ауруына SR- антигені жасалынып патент алынды. Аталған препараттар Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігінің 019-бағдарламасы бойынша өндіріске енгізілді.
          Білім сапасын жақсарту мақсатында және барлық өндірістік тәжірибелік машықтанудың   дұрыс өтуі үшін кафедра келесідей  мекемелермен келісім-шартқа отырған, олар: 1. ҚР АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті «Республикалық ветеринарлық зертхана» Оңтүстік өңірлік филиалы;
2. Қазақ Ғылыми Зерттеу  Ветеринария Институтының «ОҚҒЗВС» филиалы;
3. «Шымкент қаласы мен Түркістан облысының «Ветеринариялық қызметі» МКК;
4. Шымкент қаласы «Нур-Ай-5» ЖШС-і.ветеринарлық-санитарлық сараптау зертханасы.

 

 

 

 

 

 

.

 

 


Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.